Бегежанов Нурлан Максимович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Бегежанов Нурлан Максимович
    Заместитель руководителя

    Бегежанов Нурлан Максимович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Бегежанов Нұрлан Максимұлы 1991 жылғы 2 мамырда Железин ауданы Ескара ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2013 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады, 2019 жылы осы университетті «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны бітірді, ал 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай аяқтады.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2013 жылы «Железин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы ретінде бастады;


    2015 жылы – «Железин ауданы Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі инспекторы;


    2015–2017 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ақпараттық-талдау бөлімінің инспекторы, бас маманы;


    2017–2022 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы;


    2023–2024 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ еңбек нарығын дамыту және әлеуметтік әріптестік бөлімі басшысы;


    2024–2025 жылдары – «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ жұмыспен қамту бөлімі басшысы;


    2025 жылғы маусым айынан бастап басқарма басшысының бұйрығымен Павлодар облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері