Баймағанбетов Өмиржан Зейнешұлы

    Саран қалалық мәслихатының төрағасы

    Баймағанбетов Өмиржан Зейнешұлы
    Председатель маслихата

    Баймағанбетов Өмиржан Зейнешұлы

    Саран қалалық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, 1959 жылы 29-қаңтарда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Арқалық совхозында, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1976 жылы Арқалық орта мектебін бітірген. 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы-экономисі мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1976 жылы Егіндібұлақ ауданы, Айрық совхозында тракторшы болып бастаған. 1982 -1993 жылдар аралығында Егіндібұлақ ауданында бухгалтер болып, кейін экономист, шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары, совхоздың бас экономисі қызметтерін атқарған. 1993- 2000 жылдар аралығында Егіндібұлақ ауданы, «Едрей» к/х – экономист - бас бухгалтері. 2000 жылғы қыркүйек айынан 2018 жылғы наурызға дейін мемлекеттік қызметте болған. 2003 жылдан 2018 жылғы наурыз айына дейін «Саран қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарған.
    2018 жылы 29-наурызда Саран қалалық мәслихатының 6 шақырылымының хатшысы болып сайланды.
    Үйленген, ұлы, екі қызы бар. Саран қаласында 2000 жылдан тұрады. 2004 жылдан «Amanat» партиясының мүшесі. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері