Капанова Арайлым Тлектесқызы
Аққулы аудандық мәслихатының Әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Қапанова Арайлым Тілектесқызы 1976 жылы 25 қазанда Павлодар облысы Лебяжі ауданының Подпуска ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Павлодар университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Лебяжі аудандық мұрағатының мұрағатшысы болып бастаған. 1997 жылы осы мұрағаттың директоры болып тағайындалды. 1999 жылдың тамыз айынан бастап Лебяжі ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2006 жылдың маусым айында Лебяжі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 2009 жылдың ақпан айынан-осы бөлімнің меңгерушісі. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Аққулы аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарады.