Мулдашев Сарсынбай Медижанович

    Казталов аудандық мәслихатының төрағасы

    Мулдашев Сарсынбай Медижанович
    Председатель маслихата

    Мулдашев Сарсынбай Медижанович

    Казталов аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    1962 жылы 12 желтоқсанда Ресей Федерациясының Саратов облысы Совет ауданы Лебедино ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 1986 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, мамандығы химия және биология пәнінің мұғалімі.

    1980-1981 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Қараоба» совхозы комсомол-жастар бригадасының шопаны.

    1981-1986 жылдары А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының студенті.

    1986-1987 жылдары Казталов ауданы «Қараоба» орта мектебінің мұғалімі.

    1987-1988 жылдары Казталов ауданы «Қараоба» орта мектебінің мектептен тыс жұмыстарының ұйымдастырушысы.

    1988 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында Қазақстан ЛКЖО Казталов аудандық комитетінің хатшысы.

    1988-1989 жылдары Казталов ауданы «Қараоба» орта мектебінің мұғалімі.

    1989-2000 жылдары Казталов ауданы Ғұмар Қараш атындағы «Қараоба» мектеб-гтмназиясының директоры.

    2000-2003 жылдары Орал қаласындағы № 44 қазақ орта мектебінің директоры.

    2003-2007 жылдары Казталов аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі.

    2007-2013 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары.

    2013-2017 жылдары Казталов ауылдық округінің әкімі.

    2017-2018 жылдары Казталов ауданының «Тәрбие жұмыстары орталығы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесінің директоры.

    2018-2021 жылдары VI шақырылған Казталов аудандық мәслихатының хатшысы.

    2021-2023 жылдары VII шақырылған Казталов аудандық мәслихатының хатшысы.

    2023 жылдың 30 наурызынан бастап VIIІ шақырылған Казталов аудандық мәслихатының төрағасы.

    «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдарымен, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған.

    Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының II, VI, VII және VIIІ шақырылым депутаты.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері