Әли Асхат Сағадиұлы

    Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы

    Әли Асхат Сағадиұлы
    Председатель

    Әли Асхат Сағадиұлы

    Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Асхат Сағадиұлы Әли, 1962 жылы туған.
    Екі жоғары білімі бар:
    Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институты, «Құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы, 1979-1984 жж.;
    Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Саясаттану» мамандығы, 2006-2008 жж.

    Еңбек жолын 1984 жылы инженер-технолог, одан кейін Алматы қаласының жол техникасын жөндеу зауытының шебері, аға шебері болып бастады. «Қарағандыкөмір» бірлестігі өндірістік көлік басқармасының Жаңа-Майқұдық автоавтокәсіпорнында аға механик, «Көктал» АТАҚ автогараж меңгерушісі, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері болып еңбек етті.

    1990 жылғы қаңтардан 1997 жылғы сәуірге дейін - Қарақұдық ауылдық кеңесінің төрағасы, Қарақұдық ауылдық әкімшілігінің басшысы.

    1999 жылдың маусымынан 2006 жылдың маусымына дейін - Доскей ауылдық округінің әкімі.

    2006 жылдың маусымынан 2016 жылдың наурызына дейін - Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары, әлеуметтік сала, экономика, ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік етті.

    2016-2021 жылдары алтыншы шақырылымдағы Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы.

    2021 жылдың қаңтарында жетінші шақырылымдағы Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихаттың бірінші, ұйымдастыру сессиясында бірауыздан жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері