Тарасенко Игорь Васильевич

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі

    Тарасенко Игорь Васильевич
    Представитель

    Тарасенко Игорь Васильевич

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі

    Өмірбаян

    1967 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
    1994 жылы Орал мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін Заңтану мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1994 жылы Павлодар облысы Қашыр аудандық сотының әкімшілік және Атқарушылық іс жүргізу судьясы болып бастаған;

    1996 жылдан 1998 жылға дейін Павлодар облысы Қашыр аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеді;

    1998 жылы Павлодар қаласы Ильичев аудандық сотының судьясы болып тағайындалды, кейіннен Павлодар қалалық сотының судьясы болып тағайындалды;

    2003 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар облыстық сотының судьясы болып жұмыс істеді;

    2010 жылы Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы болып тағайындалды;

    2011 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде - отставкадағы судья;

    2016 жылдан бастап Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

    2023 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі болып тағайындалды.

    Мерекелік медаль: "Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл"

    Мерекелік медаль: "Адвокатураға 100 жыл"