Абдолов Аманкелді Аманиязұлы

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі

    Абдолов Аманкелді Аманиязұлы
    Представитель

    Абдолов Аманкелді Аманиязұлы

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі

    Өмірбаян

    Абдолов Амангелді Аманиязұлы - 1967 жылы 17-і ақпанда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

    1992 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің заң факультетінің кундізгі бөлімін бітірген.

    Заңгерлік өмір жолын 1992 жылы ауданаралық табиғат қорғау прокуратурасында прокурор көмекшілігінен бастаған.

    1995-1999 жылдары Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, Махамбет ауданы, Балықшы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Атырау облыстық прокуратурасы бөлімінің прокуроры болып жұмыс істеді.

    1999-2002 жылдары Қызылқоға ауданының прокуроры қызметін атқарды.

    2002-2005 жылдары Исатай ауданының прокуроры.

    2005-2009 жылдары Атырау облысы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2009-2010 жылдары-Атырау облысы соттары әкімшісінің орынбасары.

    2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін - Атырау облысы бойынша сот актілерін орындау Департаментінің бастығы.

    2011 жылғы қыркүйектен 2015 жылғы ақпанға дейін - Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының төрағасы, жеке сот орындаушысы.

    2015 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Президиумының төрағасы болып сайланды.

    2022 жылдан бастап 2024 жылдың ақпанына дейін - Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары, жеке сот орындаушысы.

    2011-2022 жылдары Атырау облыстық мәслихатының 5-7 шақырылымының депутаты болып сайланды. Заңдылықты, депутаттық әдепті және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі комиссияның төрағасы.

    "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі ("Amanat").

    Келесідей Үкімет марапаттары бар:

    Құрмет Ордені.

    Қазақстан Республикасы маслихаттарына 20 жыл медалі,

    Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Заң» «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарының иегері.

    Қазақстан Республикасы Президентінің алғысхаттарына ие болған.

    Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Атырау облысының Құрмет грамотасына ие.