
Өмірбаян
«Тараз-Арена» спорт кешенінің директоры
28.03.1982 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Университетін заңгер мамандығын бойынша бітірді. 2006 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін құқықтану мамандығы бойынша (заң ғылымының магистірі) екінші жоғарғы оқу орнын бітірді.
Алғаш еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Тараз қалалық филиалында кабинет меңгерушісі және осы Университеттің құқықтану факультетінің мұғалімі болып бастады. Осы салада 2004 жылға дейін қызмет атқарды.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы Жуалы аудандық сотының бас маманы қызметінде;
2007 жылдың сәуірінен бастап Тараз қаласындағы Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ауысып, сот маманы, жетекші маман, бас маманы қызметтерін атқарды;
2009–2014 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық сотына бас маман қызметіне ауысып, осы соттың ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2014–2015 жылдары аралығында «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК директоры орынбасары қызметінде болды;
2015–2016 жылдары «Жамбыл-Жылу» ШЖҚ КМК мекемесінің аппаттық диспетчері қызметінің бастығы лауазымында қызмет көрсетті;
2017 жылдың шілде айынан 2018 жылға дейін «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК директорының орынбасары қызметінде болды.
2018 жылдың тамызынан бастап «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК директор қызметін атқаруда.





