Нұрділлаұлы Медет

    Тараз қалалық мәслихатының депутаты

    Нұрділлаұлы Медет
    Депутат маслихата

    Нұрділлаұлы Медет

    Тараз қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бас менеджері

    2000 жылы Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2016 жылы Тараз қаласындағы «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіне «Емдеу ісі-фельдшер» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1-курсынан колледж президенті болып, директорлық степендия иегері атанады.

    2017 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» жанынан «Жібек жолы жастары» волонтерлық қозғалыс құрып облыс көлемінде жетекшілік етті, сонымен қатар «МЕДЕТ» жеке кәсіпкерлік «Зенен» мал шаруашылығын дамытуды қолға алып 20 асыл тұқымды «зенен» ешкілерін көбейтіп дамытты.

    2019 жылдан бастап Жамбыл облысы «Еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорын жетекшілік етіп, облыс көлемінде жұмыс атқарып жатқан волонтерлық ұйымдардың басын бір арнаға біріктірді. Елімізге қиын жағдай туғанда волонтер жастарда өз үлестерін жоғары деңгейде қосты. Мақтаарал су тасқыны, Арыс жарылысында және COVID-19 пандемиясында ерікті болып белсенді қызмет атқарғанның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан «Халық алғысы» мерекелік медальінің және алғыс хатының иегері атанды.

    2020 жылы колледжді тәмамдап «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып қызмет атқарды, ең ахуалды саяси науқан «PRIMARIES» депутаттарды сайлау жүйесінде қызмет атқарып, Тараз қаласын Республика көлемінде жоғары дәрежеде танытып Елбасы, партия төрағасынан алғыс хатын иеленді және сол науқанда волонтер бола жүре қалалық мәслихатқа кандидат болып тіркеліп, 576 дауыс жинап қала көлемінде жастар арасында үздік 5-ке кіріп маслихат депутаттығының резерві болып тіркелді.

    2021 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы департаменті жанындағы «Тараз-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, қала әкімінің штаттан тыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңесшісі болып қызмет атқарды.

    2021 жылдың қазан айынан бері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері болып жұмыс атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері