
Өмірбаян
«Анаға тағзым» КММ директоры
1980 жылы 12 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген.
1997-2001жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «қазақ тілі мен әдебиеті, қытай тілі» мамандығы, 2001-2002 жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология факультеті магистратура, 2002-2005 жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолын 2001-2002 жж. №45 гимназияда шешендік сөздер пәнінен мұғалім болып бастаған.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ қазақ әдебиет кафедрасында оқытушы, 2005 жылы «Қазақстан РТРК» АК ЖОФ редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.
2006-2012 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакторы, 2012-2021 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Анаға тағзым» КММ директоры.





