
Кзылкулова Лаззат Абильдаевна
Депутат Таразского городского маслихата
Өмірбаян
№1 мектеп-гимназиясының директоры
1972 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Ерназар ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне «ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша түсіп, 1995 жылы бітіріп шықты.
Ұстаздық қызметін 1995 жылы Қордай ауданының Бетқайнар ауылындағы Ы.Алтынсарин бастауыш мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастап, онда 1998 жылдың 13 ақпанына дейін жұмыс істеді.
1998-2000 жж. аралығында Тараз қаласының №1 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінде жұмыс істеді.
2000-2001 жж.аралығында Ақтау қаласының №13 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінде болды.
2001 жылдың тамыз айында Тараз қаласына қайта оралып, №1 гимназияға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып орналасты.
2006 жылдан оқу-тәрбие ісі жөнінен директордың орынбасары қызметін атқарды.
2013-2022 жылдар аралығында №1 гимназия директоры қызметін атқарды.
2022 жылдан №24 гимназия директоры болып тағайындалды.





