
Өмірбаян
«Goodmaker» ЖШС-нің директоры
1978 жылдың 23 қыркүйегінде Тараз қаласында дүниеге келген.
1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2000 жылы Тараз қалалық «Темірбанк» АҚ-да несие бөлімінің маманы қызметінен басталады.
2000 - 2002 ж.ж. несие бөлімінің бас маманы, несие бөлімі басшысының міндетін атқарды.
2002 жылдың 1 қазанында Жамбыл облысы, «Казкоммерцбанк» АҚ-на Дербес сауда бизнесі бөлімшесінің менеджері болып жұмысқа орналасты.
2004 жылы Дербес сауда бизнесі бөлімшесінің басшысы болып тағайындалып, аталған бөлімшені 2006 жылдың наурыз айына дейін басқарды.
2006 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы, «Казкоммерцбанк» АҚ директорының орынбасары қызметіне шақырылып, сол қызметте 2009 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Goodmaker» өндірістік компаниясының директоры қызметін атқаруда.





