
Өмірбаян
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері
1981 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы, Ақкөл ауылында дуниеге келді.
1998-2004 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің «медикалық-профилактикалық ісі» факультетін бітірді.
Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл обылысы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тағам гигиенасы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады. 2006 жылы ақпан айынан бастап Жамбыл обылысының санитарлық- эпидемиологиялық сараптау орталығы директорының орынбасары, ал 2006 жылдың соңында осы ұйымның директоры лауазымына тағайындалды. Санитарлық қызметтің қайта құрылуына байланысты 2006 жылы 13 қыркүйекте «Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды.
2017 жылы 27 сәуірде кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиал» болып атауы өзгерді, осы уақытта осы мекеменің директоры лауазымында еңбек етті.
2010 жылы Қазақ тағам академиясының Дисертациялық кеңесінде Т.Шарманованың басшылығымен «Жамбыл облысында тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің кешенді бағалау және бақылау жасауды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғадым. Ғылыми еңбектерім - 62. Жүйелі түрде кәсіби білімімді көтеру үшін 10 білім жетілдіру циклдарынан өттім, оның ішінде аккредиттеу жөніндегі қызметі бойынша 2010 жылы – Италия (Рим, Милан) - «Internotinal Experience in mаnаgment of food safety and food lаboratory control» және 2018 жылы - Түркия (Стамбул) клиникалары базасында «Денсаулық саласындағы менеджмент» бойынша ғылыми тәжірбиеден өтті.
2016 жылы - Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің базасында «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті (864 сағат). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітіріп, «Денсаулық сақтау саласындағы экономика және бизнес магистрі» дәрежесі берілді (2019 жыл).
Қазіргі заманғы талаптар аясында 2019 жылы «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару» бойынша дайындықтан өтті. Уақыт талабына сай қосымша екі білім алды: «Финанс» (Аулие Ата университеті, 2007ж.) және «Юриспруденция» (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, 2009ж.).
Тезиспен Қазақстандық және Орталық Азия гастроэнтрология мәселелері бойынша халықаралық конгреске қатыстым (Алматы 2019ж.).
Қоғамдық жұмыстармен айналысамын, «Nur Оtan» халықтық демократиялық партиясының мүшесімін. Самбо куресі бойынша спорт шеберлігінің кандидатымын. Жамбыл облысы бойынша ДЗЮ-ДО федерациясының вице-президентімін. Кәсіпорында қызметкерлердің спортпен шұғылдануына жағдай жасаймын.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың сәуір айы аралығында Жамбыл обылыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызымет атқарды.
2020 жылдың 20 сәуір айынан бастап қазіргі таңда Жамбыл облыстық психикалық денсулық орталығының бас дәрігері болып қызмет атқаруда.





