
Даулетбаева Әйгерім Маратбекқызы
Тараз қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
«Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ төрайымы.
1986 жылы 31 тамызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.
2009 жылы Абай атындағы колледжге «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығына оқуға түсті. 2011-2014 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, «Дефектолог-олигрофренопедагог» мамандығын иемденіп шықты.
2003 жылы «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде ерікті болып жұмыс істеді. 2009 жылы орта білім туралы куәлік алып, осы қоғамдық бірлестіктің төрайымының орынбасары болды. 2009-2011 жылдар аралығында «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» Жамбыл облыстық филиалын басқарды. 2011-2013 жылдар аралығында «Батыл Ана» мүгедектердің ата-аналары мен балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып жұмыс атқарды. 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мен «Нұр Бала» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. 2020 жылдың қаңтарында «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды.





