Бастаубаева Жанат Абдуалиевна

    Тараз қалалық мәслихатының депутаты

    Бастаубаева Жанат Абдуалиевна
    Депутат маслихата

    Бастаубаева Жанат Абдуалиевна

    Тараз қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Қазақстан халық партиясының ЖОФ төрайымы.

    1963 жылы 12 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ленинский ауылында туылған.

    1992-2002 ж.ж. Жамбыл облыстық әкімшілігі басшысының аппаратында жетекші және бас маман лауазымдарын атқарды. 2002 жылдан Жамбыл облысы әкімінің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2005 жылдан Жамбыл облысы әкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2006–2012 ж.ж.Тараз қаласы әкімдігінің құрылымында жұмыс атқарған, оның ішінде: кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, әкім көмекшісі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары және Тараз қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы. 2012 жылдан кәсіпкерлік құрылымға ауысты, оның ішінде: «MARK of PERFECTION» ЖШС-нің бас директорының орынбасары, «Концерн «Азия - Казахстан» ЖШС-нің вице – президенті, «Астанастрой - 2030» ЖШС-нің директоры, «Абдуалиева» ЖК және «Корпорация «JMG» ЖШС-нің негізін қалаушы. 2015 жылдан Жамбыл облыстық казақ драма театрының директорының орынбасары. 2016 жылдан Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы лауазымында жұмыс атқарды. 2019 жылдың қараша айынан бастап ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысының лауазымында жұмыс атқарады. 2021 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚХП Жамбыл облыстық филиалының төрайымы лауазымында жұмыс атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері