
Өмірбаян
«Адал Серіктес» ЖШС директоры.
1979 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығын, ал 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қаржыгер» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «Табыс Б» ЖШС-да қоймашы болып бастады. 01.2002-03.2004 жылдар аралығында «Агроспецстрой» ЖАҚ-да заңгер болып жұмыс атқарды. 30.03.2004 жылы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетының Жамбыл облысы бойынша басқармасына бас маман болып жұмысқа қабылданды. 13.02.2006-30.03.2006 ж. аталған Басқарманың бөлім прокурорының міндетын атқарушы, 04. 2006-11.2007. бөлім прокуроры қызметтерын атқарды. 01.06.2008-20.02.2010 жылдары «Талас-Құрылыс» ЖШС-ң Директоры, 03.2011-08-2011 ж. «Сақ-Күзет Ақберен» ЖШС-ның директоры, 12.2011-10.13 ж.ж. аралығында «Талас-Құрылыс» ЖШС-ң атқарушы директоры қызметтерын атқарды. Қазіргі таңда «Адал-Серіктес» ЖШС-ң директоры.





