
Майкенов Алимжан Амангельдинович
Заместитель руководителя аппарата
Өмірбаян
«Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ
(«Б» корпусы D тобының D-3 санаты )
аппарат басшысының орынбасары
лауазымдық нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- Осы лауазымдық нұсқаулық «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысының орынбасары (бұдан әрі – аппарат басшысының орынбасары) лауазымдық міндеттерін реттейтін құжат болып табылады, оның құқықтарын, міндеттерін және атқарылатын жұмысы үшін жауапкершілігін белгілейді; оның қызметін әділетті бағалауға мүмкіндік береді, оның атқаратын лауазымына, материалдық ынталандыру және тәртіптік әсер ету шараларына сәйкестігін анықтау үшін нормативтік-құқықтық негізі болады.
- Аппарат басшысының орынбасары Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және одан босатылады.
- Аппарат басшысының орынбасары тікелей Павлодар облыстық мәслихатының төрағасына, мәслихат аппаратының басшысына бағынады (бақылауында болады және есеп береді).
- Аппарат басшысы немесе аппарат басшысының орынбасары уақытша болмаған жағдайда осы лауазым бойынша лауазымдық міндеттерді орындау бас инспектордың біріне жүктеледі.
- Аппарат басшысының орынбасары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңдарды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын, мәслихаттың үлгі регламентін, облыстық мәслихаттың регламентін, Мемлекеттік мекеме туралы ережені, Ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік органның өкімдерін, бұйрықтарын, осы лауазымдық нұсқаулықты және басқа да заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
- Құқықтары
- Аппарат басшысы құқылы:
1) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
3) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
4) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
5) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
6) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
7) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (біліктілікті) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
13) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
14) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
15) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
17) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
18) аппарат мәслихатының қызметімен байланысты құжаттарға қол қоюға;
19) қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтары бар.
3.Міндеттері
- Аппарат басшысының орынбасары:
1) облыстық мәслихат бекіткен Мәслихаттың жұмыс жоспары негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, облыс әкімі енгізетін мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етуге міндетті;
2) облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы облыстық мәслихат төрағасының есебін дайындауды жүзеге асыру;
3) облыстық мәслихаттың Жұмыс жоспарын дайындауды жүзеге асырады және мәслихат сессиясының қарауына енгізеді.
4) экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың қызметі бойынша құқықтық актілерді әзірлеуге және қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті;
5) Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың сессияларын өткізуді ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді, облыстық мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарын онлайн-трансляциялауды қамтамасыз етеді. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты, «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді;
6) облыстық мәслихаттың негізгі міндеттерін іске асыру процесінде құрылатын ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ішкі мониторингті және үйлестіруді жүзеге асыру. Ашық деректердің орналастырылуын, облыстық мәслихаттың ресми сайтында ақпараттың анықтығы мен өзектілігінің қамтамасыз етілуін, өтініштерге жауаптардың берілуін, «Ашық үкімет» порталдарында НҚА және бюджеттік бағдарламалар жобаларына түсініктемелердің ұсынылуын бақылау.
7) экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың депутаттық қызметін қамтамасыз етуге міндетті;
8) комиссияның мүшелерінің ұсыныстарын, жазаларын, сайлаушылардың өтініштерін ескере отырып, мәслихаттың облыстық мәслихат бекіткен жұмыс жоспарының негізінде тұрақты комиссияның Жұмыс жоспарларын жасауға міндетті;
9) экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың қаулыларын әзірлеуге және олардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті;
10) тұрақты комиссиялар төрағаларының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында атқарылған жұмыс туралы есептерін дайындауды жүзеге асыру;
11) тұрақты комиссияның отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындауды жүзеге асыру, қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, қорыту және комиссия мүшелеріне уақтылы ұсыну, комиссия қаулыларының жобаларын әзірлеу және комиссия төрағасымен келісу;
12) облыстық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу және қабылдау кестесін әзірлеу;
13) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулерде және қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді және оны облыстық бюджеттің жобаларына, облыстың даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді;
14) экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының облыстық мәслихаттың сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету;
15) облыстық мәслихаттың Медиа-жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
16) сайлаушылардың проблемалары мен қажеттіліктеріне қатысты жарияланымдар мен хабарларды талдауға және қорытуға міндетті;
17) мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
18) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен қызметтік әдепті уақтылы және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асырады және бөледі;
19) аппарат қызметкерлерін ынталандыруды және ынталандыруды қамтамасыз ету, қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға, сондай-ақ әкімшілік жазалау шараларына ұсыну үшін материалдар дайындау, аппарат басшылығымен бірлесіп әкімшілік жазалар қолдану туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді босату;
20) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау бойынша бас маманның жұмысына жеке бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.
21) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес бөлімдегі қызметшілердің істер номенклатурасын жүргізу мен бақылауды жүзеге асыру;
22) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының, округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды және жинауды қамтамасыз ету;
23) лауазымдық міндеттеріне сәйкес өздеріне берілген құқықтар шегінде өкілеттігін жүзеге асыру;
24) облыстық мәслихаттың төрағасы, мәслихат аппаратының басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Жауапкершілігі
Аппарат басшысының орынбасары келесі жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген шектерде осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін;
2) мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметте жұмыс атқарумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамасымен белгіленген шеңберінде ұйымға материалдық зиян келтіргені үшін;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасымен белгіленген шеңберінде өз қызметін атқару барысында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
5) ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапты болады;
6) ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтамағаны үшін дербес жауапкершілік.