
Өмірбаян
Нұрсолтан Ғалия 1975 жылы 3 наурызда Моңғолияда дүниеге келген.
1991 жылы орта мектепті бітіріп, Моңғол өнер университетіне оқуға түсті. Аталған оқу орнын 1995 жылы "Музыкалық білім беру" мамандығы бойынша бітірген.
1995 жылдың маусым айында Қазақстанға келді, 2001 жылдың қараша айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Осакаров аудандық "Мәдени-сауық орталығында" әдіскер және сүйемелдеуші болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап "Оқушыларға қосымша білім беру орталығы" КМҚК ән үйірмесінің оқытушысы болып жұмыс істейді, 2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы орталықтың директоры болып табылады.
Осакаров аудандық мәслихатының VII, VIIІ шақырылымының депутаты.
Осакаров аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы.
«AMANAT» партиясының мүшесі.




