
Елюбаева Гульмира Жаксылыковна
Мәслихат аппаратының бөлім басшысы
Өмірбаян
Елюбаева Гульмира Жаксылыковна, 1973 жылы 26 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданы, Шахтерское ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды химия–технологиялық техникумын «Химик-технолог» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Аудандық мәслихат аппараты
Бөлім басшысы,Е-3 санаты,1 бірлік(№ 02-02)
Біліктілік талаптары | |
Білімі жәнемамандығыбойынша |
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, Бизнес, басқару және құқық мамандықтары бойынша |
Білім деңгейі және іс–тәжірибесі бойынша |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді. |
Функционалдық міндеттері |
Аудандық мәслихаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметке өту тәртібінің сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыстық мәслихат шешімдерін, аудандық мәслихат шешімдерін, тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету; Аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты комиссиялар отырыстарының күн тәртібін белгілеп, қаулылар мен хаттамаларының жинақтап тігілуін қадағалау; Сайлау өткізу, сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру, жұмыстарын ұйымдастыру, аудандық мәслихаттың саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктермен және сайлау комиссияларымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; Ауданның жергілікті атқарушы органдарымен және орталық атқарушы органдармен, мемлекеттік мекемелер және т.б. бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру. Аудан бюджеті бекітілетін кезеңде немесе аудандық бюджетті нақтылаған кезде, кезектен тыс сессиялар өтетін күні белгіленген уақытта бюджет жобасын қарау үшін тұрақты комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру; Мәслихат депутаттарының жұмыс жүргізу жоспарларын дайындау және олардың сайлаушылармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тұрақты комиссиялар отырыстарын, семинарлар, кеңестер мен депутаттық оқыту жұмыстарын, сонымен қатар депутаттардың сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыру, жұмыстарына қатысу; Аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларына, сессияларына, ұсынылатын мәселелерге байланысты тиісті құжаттар, анықтамалар мен мәліметтерді сапалы түрде дайындау; Аудандық мәслихаттың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді қадағалау; Мәслихат төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру, мәслихат аппаратының қызметі туралы беретін есебін ұйымдастыру, дайындау; Аудандық мәслихат аппаратының атқаратын жұмыстары туралы жылдық жоспарын 10-желтоқсанға дейін дайындау; Сессия және тұрақты комиссиялар отырысына қатысуы тиіс мекеме және кәсіпорын басшыларының тізімін анықтап, оларды шақыру және қатысуын қадағалау; Аудандық мәслихат сессиялары тұрақты комиссияларының жылдық жоспарларын дайындау; Қызметшілердің еңбек демалысының уақытылы берілуі, олардың мезгілінде медициналық тексеруден өтіп тұруы және қызметшілердің еңбек кітапшаларының уақытылы толтырылуы мен сақталуына жауапты; «Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеуді, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерді беруді қадағалау; Мемлекеттік қызметшілерді бағалау құжаттарын, конкурстық комиссия өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында көрсетілген өзге де міндеттер. |
1994-1995 ж. |
Нұра аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөліміне хатшы-машинист болып қабылданды |
1995-1998 ж. |
Ардагерлер және мүгедектер жөніндегі бөлімге маман болып ауыстырылды |
1998-2005 ж. |
Бас маман болып ауыстырды |
2005-2008 ж. |
Нұра аудандық мәслихат аппаратына жетекші маман болып қабылданды |
2008-2022 ж. |
Мәслихат аппаратының бас маманы болып ауыстырылды |
2022 ж. - Қазіргі уақытқа дейін |
Мәслихат аппаратының бөлім басшысы болып ауыстырылды |





