
Садубаев Кадирбек Рыскулбекович
Талас аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Садубаев Кадирбек Рысқулбекович 1961 жылы 21 маусымда Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Көкөзек ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1968 жылы А.Суханбаев атындағы 8 жылдық мектепте 8 жылдық орта білім, 1977-1978 жылдары аудан орталығындағы Қазақстанның 40 жылдық орта мектебінде білім алды. 1978 жылы туған ауылы А.Суханбаев атындағы колхозға қолхозшы болып жұмысқа қабылданды. 1979 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп, астықты сақтау және өңдеу технологиясы бойынша инженер-технолог мамандығын, 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандықтары бойынша бітірді. Отбасында 2 ұл, 3 қызы бар. Немерелері бар. 2016 жылы Облыс әкімінің құрмет грамотасымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалі және «Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2021 жылы "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың және облыс әкімінің алғыс хаттарымен, 2022 жылы Республикалық "AMANAT" партиясының төрағасы Е.Қошановтың алғыс хатымен марапатталды. 2021 жылы Талас ауданы әкімі Қ.Мәдібектің "Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін" медалімен және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен "Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
1984 жылы жоғары білім туралы диплом алып, туған колхозына агроном қызметіне қабылданды. 1985 жылы А.Суханбаев атындағы колхозында – есепші (учетчик), 1986-1987 жылдары өндіріс бригадасының бригадирі. 23 наурыз 1987 жылы облыста алғашқылардың бірі болып, баламалы негізде халық депутаттары Қарасу селолық Советі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 08.02.1994 – 06.08.1996 жылдары Жамбыл облысы Свердлов ауданы, Қарасу ауылдық әкімшілігінің басшысы. 1996 жылы 06 тамыз Свердлов ауданы, Қарасу ауылдық округі әкімшілігінің әкімі, 1997 жылы Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округі әкімнің орынбасары, 30 наурыз 1998 жылдан Байзақ ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылы Байзақ ауданы, «Энергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 1999-2000 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппараты тіл басқармасының бас маманы. 2000-2004 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының тіл басқармасының бастығы. 2004-2005 жылдары Байзақ ауданы әкімінің ішкі саясат басқармасының бастығы. 2005-2008 жылдары Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы. 2008-2012 жылдары Байзақ ауданы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрлігі, қоғамдық – саяси жұмыс департаментінің 1-ші деңгейдегі сарапшы. 2013-2014 жылдары «КазТрансГаз» АҚ жұмыскерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің менеджер-бас редакторы. 3 наурыз 2014 жылы «КазТранГаз» АҚ компаниялар тобы, газ саласындағы қызметкерлерінің кәсіптік одақтардың бірлестігі» заңды тұлғалар бірлестігінің бас менеджері қызметіне сайланды. 2015 жылдың 28 қыркүйегінен 2016 жылдың 6 мамырына дейін Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2016 жылдың 6 мамырынан 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін
