
Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы
Балқаш аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өксікбаев Бақытжан Нұртайұлы 1968 жылдың 26 наурызда Алматы облысы Балқаш ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Желтораңғы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 1985 жылы Ақкөл орта мектебін бітірдім.
1990 жылы Спорт және туризм академиясын түсіп 1995 жылы бітірдім.
1998 жылы Қонаев Университетін заңгер мамандығы бойынша, 2002 жылы бітір шықтым
1985 жылы шілде айынан 1986 жылдың 23 сәуіріне дейін Ақкөл кеңшарында жұмысшы болып істедім.
1986 жылдың мамыр айынан 1988 жылдың маусым айына дейін Кеңес Армиясы қатарында болдым.
1988 жылдың шілде айынан 1989 жылдың қыркүйек айына дейін Ақкөл кеңшарында жұмысшы болып істедім.
1989 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың тамыз айына дейін Ақкөл орта мектебінеде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, 2003 жылдың 15 тамызынан 2013жылдың 8 тамызына дейін Ақкөл орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2013 жылдың 8 тамызынан бастап 2016 жылдың 20 қаңтарына дейін Ақкөл селолық округінің әкімі қызметін атқардым.
2016 жылдың 21 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін «Бақанас аграрлы –индустриалдық колледжінің» директоры қызметін атқарып келемін.





