
Төребаев Қайрат Қалмұкаметұлы
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі
Өмірбаян
Қайрат Төребаев өз еңбек жолын 1997 жылы жекеменшік секторда бастап, 2001 жылға дейін осы салада жұмыс істеді.
2001 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Валюта-финанс департаментінің жоспарлау бөлімінде жетекші маман ретінде мемлекеттік қызметке кірісті. 2001 жылдан 2009 жылға дейін Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарып, соның ішінде Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінде шетелдік қызметте болды.
2011 жылы Азия даму банкінде Орталық Азияның аймақтық ынтымақтастығы бағдарламасының үйлестірушісі қызметін атқарды.
2012 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаментінің бірінші хатшысы лауазымына тағайындалып, мемлекеттік қызметке қайта оралды. 2012 жылғы желтоқсан айында ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
2013 жылғы наурыз айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді, ал 2013 жылғы сәуір айынан бастап аталған департаменттің директоры лауазымына көтерілді.
2014 жылғы қазаннан 2019 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментін басқарды.
2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып тағайындалды.
2019 жылғы шілдеден 2025 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2025 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.