Сакенов Данияр Мергалиевич

    Абай аудандық мәслихатының төрағасы

    Председатель

    Сакенов Данияр Мергалиевич

    Абай аудандық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Сакенов Данияр Мергалиевич, 1984 жылғы 2 желтоқсанда Қарағанды қаласында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды қаласындағы орта мектепті бітірді. 2005 жылы құқықтану мамандығы бойынша Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң академиясын бітірді. 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қарағанды "Болашақ" университетін құқық магистрі мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, үш баласы бар. "AMANAT"партиясының мүшесі. "Халық Алғысы" медалімен марапатталған.

    Еңбек жолын Қарағанды қаласы ІІБ Ново-Майқұдық полиция бөлімінде тергеуші лауазымынан бастаған. 2007 жылғы маусымнан қыркүйекке дейін - Қарағанды қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қорын басқару" КМК заң бөлімінің бастығы, 2009 жылдан 2010 жылға дейін "Агро-Консалтинг-К"АҚ заңгері, 2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың маусымына дейін "Stroy Mash PLC" ЖШС мемлекеттік сатып алу бойынша менеджері болып жұмыс істеді. 2012 жылғы маусым-желтоқсан аралығында Д.М.Сакенов ЖК директоры, 2013 жылғы қаңтар-мамыр аралығында - "Береке 2010"АҚ төрағасының орынбасары, директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2013 жылғы мамырдан 2019 жылғы қазанға дейін "Волынка" ЖШС заңгері, өңірлік даму менеджері, директордың орынбасары, бас директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2019 жылдың қазан айынан 2020 жылдың қараша айына дейін "Атамекен" ҰКП Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Абай филиалының директоры. 2021 жылғы 15 Қаңтарда 7 шақырылған Абай аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.2023 жылғы 30 наурызда 8 шақырылған Абай аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері