
Мұқашев Талғат Бақытұлы
Облыс прокурорының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Туған жылы:
24.10.1978 жыл
Тілдердің білуі:
- Қазақ, орыс
Білімі, мамандығы, сыныптық шені:
- Жоғары, заңгер
- Аға әділет кеңесшісі
Мемлекеттік наградалар:
- "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі
Мұқашев Талғат Бақытұлы, 24.10.1978 жылы Жезқазған облысы, Т.Жәйрем кентінде дүниеге келді, ұлты қазақ.
1995 жылы Қарағанды қаласының №39 орта мектебін бітіріп, сол жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне заң факультетіне күндізгі бөлімде Құқықтану мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1999 жылы бітірді.
Әскери міндеттілігі, әскери атағы бар әділет аға лейтенанты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде запаста тұрады.
28.01.2000 жылдан бастап Қарағанды облысының прокуратура органдарында жұмыс істеді.
28.01.2000 ж. - 27.08.2000 ж. Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулыларының және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімі прокурорының м.а.
28.08.2000 ж. - 27.11.2000 ж. Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулыларының және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры.
28.11.2000 - 20.05.2001 ж. Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі.
21.05.2001-05.06.2002 ж. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының көмекшісі.
06.06.2002-14.08.2002 ж. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы прокурорының аға көмекшісі
15.08.2002 - 28.10.2004 ж. Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.
29.10.2004-07.08.2007 ж. Қарағанды облысы Абай ауданы прокурорының орынбасары .
08.08.2007 - 11.11.2009 ж. Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының орынбасары.
11.11.2009 ж. Қарағанды облысы прокуратурасының сотында сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүдделерін білдіру басқармасының бастығы. Қоғамдық-саяси жұмысқа қатысқан жоқ.


