Жетпысбаев Сайлаубек Саутақынұлы

    Сарыжаз ауылдық округінің әкімі

    Жетпысбаев Сайлаубек Саутақынұлы
    Аким

    Жетпысбаев Сайлаубек Саутақынұлы

    Сарыжаз ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Жетпысбаев Сайлаубек Саутақынұлы 1962 жылы 18 наурыз, Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылында дүниеге келді.

    1969 жылы мектеп табалдырығын аттап 1979 жылы Сарыжаз орта мектебін бітірді.

    1982-1985 жылдар арасында Талғар ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын оқып, үздік дипломмен бітірді.

    1985-1987 жыл аралығында Кеген жолаушылар тасымалдау паркінде механик КПП, инженер ПТО болып еңбек етті.

    1987-1996 жылдар аралығында Сарыжаз сауда орталығында әр салада еңбек етті.

    1996-2008 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

    2008 жылы 23 мамырдан бастап Сарыжаз селолық округінде жетекші маман лауазымын атқарды.

    2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бас маман лауазымын атқарды.

    2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алды.

    2022 жылдың 1 қарашадан бастап Райымбек ауданының "Сарыжаз ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері