
Өмірбаян
1990 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданы Бура ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ветеринариялық медицина мамандығын оқып бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы Бақанас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-мал дәрігері қызметін атқарған.
2013-2019 жылдары Береке ауылдық округінің ветеринариялық пунктінде мал дәрігері маманы.
2019-2020 жылдары Балқаш аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы.
2021-2022 жылдары Балқаш аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Береке ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.
Береке ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиисиясы хаттамасының негізінде Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 18 ақпандағы шешімі бойынша, Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылығы 20 ақпандағы №10 қаулысына сәйкес Береке ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Үйленген 1 баласы бар.