
Бос орын ㅤ ㅤ
Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Нұркен Олжасбекұлы 1969 жылы 28 сәуірде Семей облысы Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген.
2 жоғары білімі бар. 1994 жылы Семей технологиялық институтын, 2012 жылы Қазақ гуманитарлы-құқықтық инновациялық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы көлік базасында 3-санатты слесарь болып бастаған.
1987-1989 жылдары Совет армиясы қатарында әскери борышын өтеді.
2001-2003 жылдары Семей өңірлік электро станциясында жұмыс істеген.
2006-2008 жылдары «Семей - су, жылумен жабдықтау» ЖШС-де электрик қызметін атқарған.
2008-2014 жылдары «Семей су жүйесі» сол жағалаудағы сумен жабдықтау жүйесінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.
2014-2016 жылдары «Курчатов су жүйесі» КМК өндірісінің басшысы.
2016 жылдан 2025 жылға дейін «Қазводхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Бел-Ағаш топтық су құбырын пайдалану жөніндегі өндірістік учаскесінің бастығы қызметін атқарды.
2025 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары.

