
Өмірбаян
Жақабай Руслан Рыскелдіұлы 1983 жылдың 18ші қарашасында Алматы облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ Ұлттық Педагогика Университетін Туризм менеджері мамандығы бойынша бітірді. |
Еңбек жолын 2008 жылы "Айым Фарма" ЖШС-де жүргізуші-экспедитор болып бастады, 2010 жылы сауда бөлімінің менеджері болып жұмыс істеген. 2014 жылы осы бөлімнің басшысы болып тағайындалды.
2017-2019 жылдар аралығында Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді. 2019 жылы Масақ ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылдың 13 ақпанында Масақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.