Сейітқожаев Қайрат Күнтуғанұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Сейітқожаев Қайрат Күнтуғанұлы
    Председатель

    Сейітқожаев Қайрат Күнтуғанұлы

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    СейітқожаевҚайратКүнтуғанұлы

    1977 жылы 18 ақпанда дүниеге келді.

    Қазақтың тұтыну кооперациясы институтын «Инфрақұрылымдағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

    Қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттары (CIPFA) және «Мемлекеттік аудитор» бойынша сертификаттары бар.

    Еңбек жолын Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының «Экономикалық және статистикалық зерттеулер» бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып бастаған. «Алматы Экономика және статистика институты» ЖАҚ-да «Экономика және статистика» кафедрасының оқытушысы болды.

    2001 жылдан 2002 жылға дейін Калькутта қаласының Үндістан Статистика институтында «Экономикалық жоспарлау және даму» мамандығы бойынша оқу тағылымдамасынан өтті.

    2003 жылдан бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінде мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеді.

    2006 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да Даму стратегиясы және бюджеттік жоспарлау департаменті Даму стратегиясы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

    2008 жылдың шілдесінен бастап ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қаржы және әкімшілендіру департаменті Бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болып тағайындалды.

    2008-2011 жылдар аралығында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, директордың м.а., ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті Ішкі сауда басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

    2011 жылдан 2018 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Astana Solar» ЖШС-де әртүрлі лауазымдарда еңбек қызметін жүзеге асырды бөлім бастығынан бастап бас директорының м.а. дейін.

    2018 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры болды.

    2023 жылғы қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері