Олжабаева Гаухар Елубаевна

    Бөлім басшысы

    Олжабаева Гаухар Елубаевна
    Руководитель отдела

    Олжабаева Гаухар Елубаевна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Олжабаева Гаухар Елубаевна 1967 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

    1989 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ технологиялық институтын «Жаппай тұтыну товарларын өндіру өнеркәсібін орналастыру экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.

    Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы «Кожобувь» былғары аяқ-киім өнеркәсібінде инженер-экономист болып бастаған.

    1990 – 1992 жылдары Жамбыл қаласы коммуналдық меншік басқармасының экономист-бухгалтері;

    1992 – 1993 жылдары Жамбыл қалалық әкімшілігі экономика комитетінің маманы;

    1993 – 1997 жылдары Тараз қалалық экономика және сауда басқармасының бас маманы;

    1997 – 2008 жылдары Тараз қалалық экономика және сауда басқармасы басшысының орынбасары;

    2008 – 2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

    2021 – 2022 жылдары Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі;

    2022 жылғы 11 қазанынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері