
Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы
Балқаш аудандық маслихаттың аппараты
Өмірбаян
1978-жылы Көктал ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1980-1982 жылары Талғар ауыл шаруашылығы техникумында оқып техник-ұйымдастырушы мамандығын алып шығады. 2002 –жылы Алматы үздіксіз білім беру университетінің экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1982-1984 жылдары Алматы кен өндірмейтін комбинатында инженр, цех мастері болып қызмет атқарды. 1984-1996 жылдары Көктал совхозында МТМ меңгеруші, бригадир, автогараж меңгеруші, экспедитор болып қызмет атқарды. 1999 жылдан Көктал селолық округі әкімі аппаратында бас маман салық инспекторы, 2005 жылдан 2015 жыл аралығында Көктал селолық округі әкімі қызметін аброймен атқарды. 2015-жылдың ақпан айынан «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып, 2016-жылдың науырыз айынан қазіргі уақытқа дейін Балқаш аудандық маслихат хатшысы болып нәтежелі қызмет етуде.
2023 жылдың 29 наурызынан бастап Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
