
Қалижанов Қуанышбек Серікұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1981 жылы 10 желтоқсанда Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылында дүниеге келген, қазақ, жоғары қаржылық бiлiмi бар.
2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжiн қаржы мамандығы бойынша бiтiрген;
2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 2004 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы статистика басқармасының Ақжар ауданы Талшық ауылдық округiнiң маманы болып бастады.
2012 жылдан 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаментiнiң Ақжар ауданының статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2015 жылдан 2021 жылға дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаментi басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2021 жылдан 2025 жылға дейін Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнің экономика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2025 жылғы 4 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнің қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

