
Кобдалиев Мурат Мукашевич
Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Кобдалиев Мурат Мукашевич - 1976 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1998 жылы тарих мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Талдықорған қаласындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығының көлік жүргізушісі болып бастаған. Әр жылдары Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығының бөлім маманы, Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығының ғылыми қызметкері, Талдықорған қаласындағы "Балдәурен" оқушылар сарайының директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, дыбыс инженері, Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығының маманы, Жамбыл ауданындағы С.Аронұлы атындағы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісінің міндетін атқарушы, Сарқан ауданының тарихи музейінің меңгерушісі, Көксу ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының лауазымын атқарған. Қазіргі таңда Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланған.





