Құлтаев Ерназар Сейтханұлы

    ҚР СЖРА ҰСБ Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

    Құлтаев Ерназар Сейтханұлы
    Руководитель

    Құлтаев Ерназар Сейтханұлы

    ҚР СЖРА ҰСБ Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1968 жылы 20 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған. Қазақ.

    1992 жылы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-жүйетехник» мамандығы бойынша, 1996 жылы Республикалық есеп мамандарын қайта даярлау институтын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша, 2017 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесімен Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін бітірген.

    «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Статистика үздігі» және «Бірінші ұлттық ауылшаруашылығы санағы» төс белгілерімен марапатталған.

    1992-1993 жж. Шымкент облысының статистика және талдау жөніндегі басқармасы Микро электронды есептеу машиналарын техникалық қамтамасыз ету және программалау бөлімінде инженер-жүйетехник, бөлім бастығы.

    1993-1998 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы статистика және талдау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары.

    1999 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасында өнеркәсіп,құрылыс және сыртқы экономикалық байланыс статистикасы бөлімінің бастығы, экономиканың индустриалды және аграрлық секторының статистикасы бөлімінің бастығы.

    1999-2004 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы Ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы

    2005-2018 Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті басшысының орынбасары.

    2018-2022 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Шымкент қаласы Статистика департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

    2022 жылғы 14 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқаруда

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері