
Жұмабаев Жанат Жеңісұлы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі
Өмірбаян
1979 жылы 5 маусымда дүниеге келген.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2003 жылы Солтүстік Қазақстан Заң Академиясын, 2017 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген
Еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы Александр орта мектебінде физика және информатика мұғалімі болып бастаған.
2002 жылдан 2005 жылға дейін Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының (департаментінің) жетекші, бас маманы.
2005 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан Басқармасы ұйымдастыру және әкімшілік жұмыс бөлімінің бастығы.
2007 жылдан 2009 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының облыс әкімінің бас инспекторы.
2009 жылдан 2010 жылға дейін Құрылымдық бөлімшенің басшысы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік – мәдени сала бөлімінің меңгерушісі.
2010 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы.
2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма (департамент) бастығының орынбасары.
2014 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі.
2016 жылғы қаңтар-2016 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.
2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.
2019 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті Әдеп жөніндегі кеңесі басшысының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қазан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі болып тағайындалды