
Өмірбаян
«Павлодар облысы мәслихатыныңаппараты» ММ
(«Б» корпусы D тобының D-1 санаты )
мәслихат аппараты басшысының
лауазымдық нұсқаулығы
- Жалпы ережелер
- Осы лауазымдық нұсқаулық «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ мәслихат аппараты басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) лауазымдық міндеттерін реттейтін құжат болып табылады, оның құқықтарын, міндеттемелерін және атқарылатын жұмысы үшін жауапкершілігін белгілейді; оның қызметін әділетті бағалауға мүмкіндік береді, оның атқаратын лауазымына, материалдық ынталандыру және тәртіптік әсер ету шараларына сәйкестігін анықтау үшін нормативтік-құқықтық негізі болады.
- Аппарат басшысы Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалады және одан босатылады.
- Аппарат басшысы тікелей Павлодар облыстық мәслихатының төрағасына бағынады (бақылауында болады және есеп береді).
- Аппарат басшысына тікелей мәслихат аппарат басшысының орынбасары, бас инспекторлар, аппарат қызметкерлері бағынады.
- Мәслихат аппаратының басшысы уақытша болмаған жағдайда осы лауазым бойынша лауазымдық міндеттерді атқару аппарат басшысының орынбасарына немесе бас инспекторлардың біріне жүктеледі.
- Мәслихат аппаратының басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану тәртібін, Мәслихаттың үлгі регламентін, облыстық мәслихаттың Регламентін, мемлекеттік мекеме туралы ережені, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік органның өкімдерін, бұйрықтарын, осы лауазымдық нұсқаулықты және басқа да заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
- Құқықтары
- Аппарат басшысының:
1) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
3) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
4) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
5) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
6) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
7) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамаға жіберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
13) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
14) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
15) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
16) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
17) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
18) мәслихат аппаратының қызметімен байланысты құжаттарға қол қоюға құқығы;
19) қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтары бар.
- Міндеттері
- Аппарат басшысы:
1) облыстық мәслихат аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, құжаттардың, облыстық мәслихат шешімдерінің, облыстық мәслихат төрағасының тапсырмаларының орындалуын бақылауға;
2) облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарын дайындауды жүзеге асыруға және мәслихат сессиясының қарауына енгізуге құқылы;
3) мәслихаттың облыстық мәслихат бекіткен жұмыс жоспарының негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттар топтары мен депутаттар, облыс әкімі енгізетін мәселелер бойынша облыстық мәслихат сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етуге міндетті;
4) облыстық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді дайындауды және қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті;
5) облыстық бюджеттің жобасы және облыстың даму бағдарламалары бойынша облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстарының іске асырылуына мониторинг жүргізу;
6) депутаттардың облыстық бюджеттің жобасы және облысты дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстарын жинақтау, оларды халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін облыстың атқарушы органдарының қарауына жіберу;
7) облыстық мәслихаттың сессияларында облыс мәслихатының құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз ету;
8) мәслихат құзыреті шегінде құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету;
9) облыстық мәслихат сессиясында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы депутаттар алдында облыстық мәслихат төрағасының есебін дайындауды жүзеге асыру;
10) облыстық мәслихаттың сессиясында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларының атқарылған жұмыс туралы есептерін дайындауды жүзеге асыру;
11) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, көпшілік тыңдауларын, «дөңгелек үстелдерді», жұмыс сапарларын және т. б. дайындау мен өткізуді жүзеге асыруға, қаралатын мәселелердің мән-жайы бойынша материалдарды талдауға, қорытуға және депутаттарға уақтылы ұсынуға;
12) облыстық мәслихат депутаттары жұмысының облыстық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге міндетті;
13) облыстық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен кездесу кестелерін әзірлеу;
14) мәслихат аппараты туралы ережені, оның құрылымын әзірлеуге, облыстық мәслихат төрағасына келісуге ұсынуға және облыстық мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне шығаруға құқылы;
15) облыстық мәслихат аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
16) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын әзірлеуге міндетті;
17) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету, депутаттарға өз қызметін жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыруға міндетті;
18) аппарат қызметкерлерін ынталандыруды және ынталандыруды жүзеге асыру: ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға, сондай-ақ әкімшілік жазалау шараларына ұсыну үшін материалдарды бекіту, облыстық мәслихат төрағасымен бірлесіп әкімшілік жаза қолдану туралы, сондай-ақ қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы шешімдер қабылдау;
19) әдеп жөніндегі уәкіл ретінде аппарат қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен қызметтік әдебін уақтылы және сапалы орындауына бақылауды жүзеге асыру және бөлу;
20) мәслихат аппаратында қызметті жүзеге асыруға байланысты құжаттардың өтуін бақылауды жүзеге асыру;
21) ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды өз құзыретіне сәйкес мұрағатқа сақтауға тапсыруға дайындау;
22) облыстық мәслихат төрағасымен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
- Жауапкершілігі
- Аппарат басшысы келесі жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген шегінде осы лауазымдық нұсқаулықпен қарастырылған өзінің лауазымдық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны немесе орындамағаны үшін;
2) мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметте жұмыс атқарумен байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек және азаматтық заңнамасымен белгіленген шегінде ұйымға материалдық зиян келтіргені үшін;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасымен белгіленген шегінде өз қызметін атқару барысында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
5) ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапты болады;
6) ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтамағаны үшін дербес жауапкершілік.