
Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі
Өмірбаян
1979 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген.
2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін Құқық және экономика негіздері, Құқықтану мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 2001 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде бастаған.
2005 жылы «Байғанин аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші, бас маманы қызметін атқарды.
2006 жылы «Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2006-2014 жылдары «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, заңгер лауазымында жұмыс істеді.
2014 жылы «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2014-2019 жылдары «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары «Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.
2020 жылдан 2021 жылға дейін «Алға ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы.
2021-2022 жылдары «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болды.
2022 жылдың қазан айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі болып тағайындалды.