Төребаев Ерболат Жақыпбайұлы

    Кеген ауданы Тасашы ауылдық округінің әкімі

    Төребаев Ерболат Жақыпбайұлы
    Аким

    Төребаев Ерболат Жақыпбайұлы

    Кеген ауданы Тасашы ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    28 желтоқсан 1974 жылы Кеген ауданы Тасашы ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетін ветеринария дәрігері мамандығы бойынша бітірген.

    Төребаев Ерболат Жақыппайұлы, еңбек жолын 1991 жылы «Қазақ ССР-нің 50 жылдық атындағы» тәжірибе шаруашылығының шопан көмекшісі болып бастаған.

    1998 жылы Райымбек аудандық мал дәрігерлік станциясының, Тасашы ауылдық әкімшілігінің жанынан құрылған шаруашылық есептегі мал дәрігерлік бөлімшесінің мал дәрігері болып жұмыс істеген.

    1999 жылы «Шөладыр» қазыналық кәсіпорнының мал дәрігері болған.

    2001 жылы «Ақтасты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мал дәрігері болып жұмыс атқарған.

    2005 жылы «Ақтасты» ЖШС-нің зоотехнигі, Алматы облысы Райымбек ауданы Тасашы ауылы зоотехнигі болып жұмыс жасаған.

    2011 жылы Тасашы, Қарқара ауылдық округінің лицензиялы мал дәрігері болған.

    2013 жылы Райымбек ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Ветеринарлық пунктері бар ветеринарлық станциясы» КМК-нің Тасашы ауылдық округінде ветеринарлық пункт меңгерушісі болып істеген.

    2018 жылы Кеген ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Ветеринарлық пунктері бар ветеринарлық станциясы» КМК-нің Тасашы ауылдық округінде ветеринарлық пунктің меңгерушісі болған.

    2023 жылдың ақпан айынан Тасашы ауылдық округінің әкімі