
БЫКОВ СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ
Құрметті азамат
Өмірбаян
Бородулиха аудандық мәслихатының III, IV, V, VI шақырылымдарының депутаты. 1999 жылдан бері Бородулиха ауданындағы тұрақты әрі дамыған шаруашылықтардың бірі «Красный яр» шаруа қожалығының басшысы. 2022 жылы республикалық бюджеттен Красный Яр ауылында жаңа үлгідегі мектептің құрылысына қаржы бөлуді қамтамасыз етті. Оның көмегінің арқасында Речное ауылында азық-түлік дүкені салынды. 2011 жылы Краснояр ауылдық округінің тұрғындарына қолайлы болу үшін дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем көлігін сатып алды. «Құрмет» орденімен, «Аймақтардың алтын қоры» арнайы ордендерімен марапатталған. Медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қоғамдық мойындау» сыйлығының лауреаты атағы берілді.





