
Муратов Нуржигит Сабыралиевич
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Нуржигит Сабыралиевич 1976 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін («Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен автоматтарын құрастыру және қызмет көрсету» мамандығы бойынша) бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы "Жабағылы құс фабрикасы" АҚ-ның консерв цехының механигі болып бастаған.
06.11.2000-10.02.2001 жылдары "Жабағылы құс фабрикасы" АҚ-ның автогараж механигі;
11.09.2001-01.11.2004 жылдары ЖШС Казфосфат "Минералды тыңайтқыштар" зауытының шикізат дайындау аппаратшысы;
01.12.2004- 11.06.2007 жылдары "Гелиос" ЖШС Тараз филиалының оператор-май құюшысы;
11.06.2007- 10.10.2009 жылдары "Гелиос" ЖШС Тараз филиалының ЖҚС-нің менеджері;
19.08.2010- 12.11.2010 жылдары шыны жасау компаниясы "САФ" АҚ-ның төсеуші жүк тиеушісі;
12.11.2010- 10.04.2015 жылдары Шыны жасау компаниясы "САФ" АҚ машиналы цехының шыны қалыптарды өңдеу жөніндегі жұмысшысы, шыны қайнатушысы, компрессорлық және қазандық қондырғылардың машинисі;
02.04.2015- 09.07.2018 жылдары "Ақ Жол" ЖШС секьюрити өкілдігінің жүкті қорғау жөніндегі тобының жүкті алдын ала тапсыру және тапсыру жөніндегі күзетшісі;
12.02.2019- 31.07.2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының курьері;
31.07.2019- 04.02.2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының құрылыс және жобалау бөлімінің аудармашысы;
05.02.2021- 24.03.2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімі бас маманының м.а.
25.03.2021- 14.04.2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы
2022 жылдың 15 сәуірінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бөлім басшысы
2025 жылдың 7 тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды;



