
Шәлдибеков Азамат Ғалымұлы
Кеген ауданы "Экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің басшысы
Өмірбаян
1991 жылы 28 желтоқсанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандығы – есепші
Еңбек жолын 2011 – 2013 жылдары «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КМК-да референт болып бастаған. 2013 – 2017 жылдары аралығында «Райымбек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КМК-да бөлім басшысы. 2017 - 2019 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК-да жетекші маман. 2019 – 2020 жылдары Кеген ауданының «Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы. 2020 – 2021 жылдары Кеген ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы. 2021 жылдың 13 қыркүйегінен - желтоқсан айына дейін Кеген ауданының «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің басшысы. 2021 жылдың 31 желтоқсанынан Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы