
Өмірбаян
Рахымбеков Айбек Смағұлұлы 1990 жылы 23 желтоқсанда Целиноград қаласында (Астана қаласы) дүниеге келген. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Аймақтану" мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын "Экономика" мамандығы бойынша, 2020 жылы Оңтүстік Калифорния университетін "Болашақ" бағдарламасы бойынша "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012-2014 жылдары « Ақтау теңіз сауда порты » ҰК » АҚ маманы қызметінен бастады.
2014 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында сарапшы, бас сарапшы, Өнеркәсіптік саясат департаментінің өңдеуші өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
2022 жылдан 2025 жылдың 16 мамырына дейін, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2025 жылдың 16 мамырынан бастап, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы лауазымында қызмет атқарады.

