
Исмаилов Марат Әділжанұлы
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Өмірбаян
Туған күні: 1974 ж.
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы.
Білімі, мамандығы:
1992 жылы Ақтобе медициналық институтына түсіп, 1998 жылы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Жалпы практикадағы гигиенист-эпидемиолог дәрігері» мамандығы бойынша бітірген
1997 - 2004 жж. Темір жол көлігіндегі ШҚО бойынша Защиталық СЭС коммуналдық гигиена бойынша санитариялық дәрігері, тамақтану гигиенасы бойынша санитариялық дәрігері, санитариялық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі, Өскемен қ-сы;
2002 - 2004 жж. "Темір жол көлігіндегі Защиталық МСЭҚ бөлімшелік басқармасы" коммуналдық нысандарды қадағалау бойынша бас маман, Өскемен қ-сы;
2004 - 2008 жж. Өскемен қаласының МСЭҚ басқармасының коммуналдық нысандарды қадағалау бойынша бас маман, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау бойынша бас маман, Өскемен қ-сы;
2008 – 2014 жж. ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша Департаментінің коммуналдық объектілерді қадағалау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы, азық-түлік объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы, Өскемен қ-сы;
2014 – 2015 жж. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі, ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Санитариялық-гигиеналық қадағалау басқармасының бас сарапшысы, санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы, Астана қ-сы;
2015 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Талдықорған қ-сы;
2020 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары-Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Өскемен қ-сы;
2021 – 2022 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметін жоспарлау және талдау басқармасының басшысы, Стратегия және даму басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қ-сы;
2022 жылғы 4 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Қонаев қ-сы.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, " Халық алғысы" медалімен награтталған.

