
Өмірбаян
Нұрлан Өмірбекұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қазақ-Өзбек инженерлік гуманитарлық университетінің түлегі. Білімі – жоғары. Мамандығы құқықтану.
Еңбек жолында «Бірлік Кредит» ЖШС-Ң заңгері, Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маман заңгері, «Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ-не кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы, «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ң жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ң директоры, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (арнайы тексеруден өткенге дейінгі мерзімге), Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы, 12 қаңтардан бастап Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы.


