
Исмаилов Мырзалим Муталимұлы
Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Исмаилов Мырзалим Муталимұлы 1960 жылы 13 қаңтарда Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Шырын совхозында бас агроном болып бастаған.
1984-1988 жылдары-Шырын совхозында бас агроном.
1988-1990 жылдары-Шырын совхозындағы партия ұйымының хатшысы.
1990-1993 жылдары-Ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы.
1993-1995 жылдары-Ұйғыр ауданы экономика басқармасының экономисі.
1995-1999 жылдары-Ұйғыр ауданы экономика басқармасының бас экономисі.
1999-2000 жылдары-Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының бас маманы.
2000-2005 жылдары-Ұйғыр ауданы экономика басқармасының басшысы.
2005-2009 жылдары-Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2009-2011 жылдары - Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2011 - 2022 жылдары - Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
2022 жылдың қаңтар айынан-Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.