
Белтаева Надима Сыдыканқызы
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ басшысы
Өмірбаян
1990 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетінің 1 курсына түсті.
1995 жылы "провизор"мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом алды.
1995 жылы Талдықорған қаласындағы "Дарем" ЖШС дәріханасына провизор қызметіне жұмысқа орналасты.
1998 жылы "Дарем" ЖШС-мен өз еркімен жұмыстан шығып, Талдықорған қаласындағы "Долана" ЖШС-не провизор лауазымына жұмысқа орналасты.
2002 жылы "Долана" ЖШС "ҚР ДСМ ҚҚПКФФ Алматы облыстық фармацевтикалық бақылау басқармасы" ММ дәрілік саясат және талдау бөлімінің бас маманы лауазымына жұмысқа орналасуына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылды.
2005 жылы "ҚР ДСМ Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша фармацевтикалық бақылау басқармасы"ММ атауына байланысты дәрілік заттарды пайдалану мониторингі бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2008 жылы "ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"ММ атауына байланысты дәрілік заттардың пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2009 жылы "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"ММ қайта құрылуына байланысты фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2013 жылы "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"ММ фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2014 жылы "ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"РММ фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2017 жылы "ҚР ДСМ Фармация комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"РММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы "ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті"РММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2020 жылдан бастап "ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті"РММ басшысының орынбасары.
2022 жылы. «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.
2024 жылдың 25 маусымынан бастап «ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ басшысы болып тағайындалды.
