
Құсайынов Сарқытбай Закирұлы
Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция генерал-майоры
1994 жылы Талдықорған Заң техникумын, 2003 жылы – Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтын тәмамдаған.
«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған.
ІІО органдарында 1995 жылдың қаңтарынан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын Талдықорған ауданы ІІБ Іздестіру бөлімінің жедел уәкілі қызметінен бастаған.
1995-2019 жылдары Алматы облысы ІІБ түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.
2019-2020 жылдары – Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
2020-2022 жылдары – Қарағанды облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.
2022 жылдың қыркүйек айында – Қарағанды облысы ПД Балқаш ҚПБ бастығы.
2022-2023 жылдары – Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы.
2023-2024 жылдары – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары.
2024 жылдан бастап – Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы.





