Сулейменов Кайрат Заруханович

    «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы

    Сулейменов Кайрат Заруханович
    Руководитель отдела

    Сулейменов Кайрат Заруханович

    «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Кайрат Заруханович 1986 жылы туған.

    Білімі – жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл.

    Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Павлодар қаласы бойынша техникалық түгендеу және бағалау, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімдерінің маманы, Екібастұз филиалының біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы, «Көркем Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дизайнері, « №1 жөндеу құрылыс басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сәулетшісі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Екібастұз қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімшесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

    2024 жылғы 17 қазанда «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.