Абдикадыров Айдос Мейрамұлы

    "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі" КММ-нің бөлім басшысы

    Абдикадыров Айдос Мейрамұлы
    Бөлім басшысы

    Абдикадыров Айдос Мейрамұлы

    "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі" КММ-нің бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Абдикадыров Айдос Мейрамұлы – 1984 жылы 15 маусымда Түрікменстан Республикасы, Ташауыз облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау мамандығы бойынша, 2015 жылы Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университеті қаржы мамандығы және 2017 жылы құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 2002 жылы «Коммуналдық шаруашылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көгалдандырушы қызметінен бастаған. 2004 жылы «Маңғыстау Локоматив пайдалану депосы» акционерлік қоғамында жөндеуші, 2004-2006 жылдары «Маңғыстау Локоматив сервис орталығы» акционерлік қоғамында жөндеуші қызметтерін атқарды.

    2006-2007 жылдар аралығында «Sewon-Vutek Hawy Induty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде темір шебері, 2008-2011 жылдары «Ақтау қалалық мұнай-электрондық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде темір шебері болып жұмыс жасады.

    2013 жылдың қаңтар-шілде айларында «Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде нұсқаушы, 2013-2016 жылдары «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, 2016-2020 жылдары аралығында Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

    2021-2022 жылдар аралығында Мұнайшы ауылы әкімінің орынбасары лауазымы қызметінде болды.

    2022 жылдың шілде-тамыз айларында «Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2022 жылдың 22 тамызынан бастап 2026 жылдың 10 маусымына дейін Маңғыстау ауылы әкімінің қызметін атқарды.

    2026 жылдың 17 маусымынан күні бүгінге дейін "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі" КММ-нің бөлім басшысының қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері