
Ескентаев Берік Сағынбайұлы
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы
Өмірбаян
2018 жылғы 6 тамызда «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталған;
2020 жылғы 30 тамызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталған;
2021 жылғы 8 қарашада «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен наградталған.
Еңбек жолын 2002 жылғы 4 ақпанда Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Бостандық ауданы бойынша салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маманы – салық инспекторы міндетін атқарушы қызметінен бастады.
2002–2003 жылдары – Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Бостандық ауданы бойынша салық комитеті Аудит бөлімінің заңды тұлғалар аудиті секторының маманы – салық инспекторы;
2003–2005 жылдары – Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Бостандық ауданы бойынша салық комитеті Заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші маманы – жетекші салық инспекторы;
2005–2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Бостандық ауданы бойынша салық комитеті Заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы – бас салық инспекторы;
2008–2011 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Жетісу ауданы бойынша салық басқармасы Заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы;
2011–2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Әуезов ауданы бойынша салық басқармасы Заңды тұлғаларға салықтық аудит бөлімінің бастығы;
2012–2013 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы, Салықтық апелляциялар және түсіндіру басқармасының бастығы;
2013–2014 жылдары – Салықтық апелляциялар және түсіндіру басқармасының басшысы, Заңды тұлғаларды әкімшілендіру және халықаралық салық салу басқармасының басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті Салықтық аудит басқармасының №3 аудит бөлімінің басшысы;
2014–2015 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Жетісу ауданы бойынша салық басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы; Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы, бөлім басшысы;
2015–2016 жылдары – Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Талдау және тәуекелдер басқармасы Тәуекелдер бөлімінің басшысы;
2015–2016 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2016–2018 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының басшысы;
2018–2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы, Камералдық мониторинг басқармасының басшысы;
2019–2026 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;
2026 жылғы 8 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Қонаев қаласы.



